Тәуелсіздік – осы бір ұлы сөз еліміз азаматтары жүрегі төрінен берік орын алып, баршаны жарқын болашаққа бастауда. Тәуелсіздік – ата-бабаларымыз армандап өткен ұлы мұрат. Міне, осы күнге жеткенімізге, үстіміздегі жылы 28 жыл толып отыр.Отанымыз Тәуелсіздігі сөнгенімізді жандырып, ұмыт болған, ұмыт бола бастаған құндылықтарымызды қалпына келтірді. Ана тіліміз мәртебесі биіктеп, тарихымыз тіктелді, дініміз қайта оралды. Бүкіл әлем өркениетіне сүбелі үлес қосқан ғұламаларымыз есімі қайта жаңғырып, руханиятымыз байытыла түсті.

independence-square1.jpg

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан басталған саяси-әлеуметтік, экономикалық реформалар тереңдей түсуде. Экономикамыздың қозғаушы күші – кәсіпкерлікпен айналысуға кең қолайлылықтар, үлкен мүмкіншіліктер жасалуда. Кәсіпкерлікті қолдап-қуаттауға бағытталған Президентіміздің Жарлық, Қаулылары, үкіметіміз қаулылары, мемлекеттік құжаттар қабылданып, өмірге енгізілуде. Осының нәтижесінде елімізде кәсіпкерлік, шағын және орта бизнестің үлесі арта түсуде. Тәуелсіздік арқасында егеменді Өзбекстан ауыл шаруашылығы дамыған, индустриялы елге айналды.

Тәуелсіздік жылдарында Отанымыз ауылдары мен қалаларының ажары ашылды. Ата-бабаларымыз құрған әлемге әйгілі тарихи жәдігерлер қалпына келтіріліп, реконструкция жасалуда, әлем стандарттарына жауап беретін осы замандық құрылыс нысандары бой көтеруде. Егеменді Өзбекстанда еліміз ертеңі, болашағымыз – жас ұрпақтың оқып, білім, мамандық алуына, жан-жақты дамыған кемел азамат болып қалыптасуына жоғары көңіл бөлінуде.Мақтанышпен айтып өтсек болады, егеменді Өзбекстан жас ұрпақ білімі мен тәрбиесіне ең көп қаржы бөлетін санаулы елдердің бірі.

Халқымыздың денсаулығына, әлеуметтік жағдайына да жоғары көңіл бөлінуде. Бүгінгі күні шалғай ауылдардың өзінде соңғы үлгідегі медицина құралдары–техника жаңалықтарымен жабдықталған ауылдық дәрігерлік пункттер жұмыс алып баруда. Үстіміздегі жыл құрметті Президентіміз бастамасымен «Белсенді инвестициялар және әлеуметтік даму жылы» деп жарияланып, осыған байланысты қабылданған мемлекеттік бағдарлама талаптары табысты орындалуда.

Мұның барлығы, әрине, еліміз Тәуелсіздігінің шарапаты. Тәуелсіздік жылдарында біздің ауданымызда да игі істер жүзеге асырылды. Ауданымызда бірнеше заманауи ғимараттар бой көтеріп, ауданымыз көркі көркейе түсті. Тұрғындардың әлеуметтік жағдайы жақсарып, олардың кәсіпкерлікпен шұғылдануына кең мүмкіншіліктер жасалуда.

Ауданымыз тұрғындары Тәуелсіздігіміздің 28 жылдығын жаңа табыстар, ауданымыз тарихында аса маңыз иелейтін жарқын жаңалықтармен қарсы алуда.

Сонымен қатар елімізде "Обод қишлоқ” даму бағыты бағдарламасы жүйелі жалғасын табуда. Нәтижеде қаншама ауылдар жаңа заманауи көрініске ие болып, ауылдық жерлердегі ел, халық жағдайы жақсара түсуде. Бұл істерге Өзбекстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 29 наурыздағы "Обод қишлоқ бағдарламасын 2018 жылда жүзеге асыру бойынша қосымша іс-шаралар туралы” ПҚ-3630-санды қаулысы негізгі түрткі болды. Жалпы республикамыз көлемінде "Обод қишлоқ” даму бағыты шеңберінде Республикамыздың алыс шалғай жерлеріндегі ауылдарда, біздің ауданымызда да осындай жөндеу және абаттандыру жұмыстары жүзеге асырылып, ауылдарымыз көркі заманауи көрініс алды.

Еліміздегі бірлік пен ынтымақтың берік болғандығынан осындай жетістіктерге жетіп отырмыз. Елімізде атап айтарлық кең көлемде белгілі халықаралық деңгейдегі форумдар мен фестивальдар өткізіліп келеді. Бұлар да еліміздің бірден бір жетістігі мен қол жеткізген жоғарғы дәрежесі деп санаймыз. Тәуелсіздігіміз мәңгі, тұғырымыз биік, мәртебеміз асқақтай берсін!

Тұяқбаев Толыбай Нұржауұлы 1974 жылдың 5 желтоқсанында Үшқұдық ауданы Мыңбұлақ ауылында дүниеге келген.

Солтүстік кен басқармасында еңбек етіп, 2006 жылы Қазақстан Республикасы Қостанай қаласына қоныс аударған.

Толыбай жастайынан өлең жазумен қызығып, өзінің тумалас бабалары сыр сүлейлерінің бірегейі Тұрмағанбет Ізтілеуовтың жыр-дастандарында орындайтын қабілеті бар.

 

Add new comment