photo_2020-03-18_17-40-12.jpg

Жуырда Жүзқұдық ауылындағы 2-мептептің бастауыш сынып оқытушысы Махаббат Жарылқапованың ұйымдастыруымен "Армысың-әз Наурыз" тақырыбында 2 және 4-сынып оқушылары және ата-аналарымен бірге тәрбиелік сағат жоғары дәрежеде өткізілді. Шараны оқушылар жүргізіп, мектеп директоры М.Турешов ашып жиылған ата-аналар мен ұстаздарды Наурыз мерекесімен құттықтады.

Шараға оқушылардан басқа ата-аналар да белсене қатынасып өз өнерлерін паш етті. Аналарымыз казақша би билеп, оқушы ұлдарымыз "Мен қазақтың ұлымын", қыздарымыз "Наурыз көктем" әніне  би биледі. Сонымен қатар әжелер кимешек киіп қазақтың ұлттық дәстүрі болған "Тұсау кесер" рәсімін әдемі орындап шықты.

Шарада сондай-ақ "Алтын сақинам ұш " ойыны ойналып, жеңілген топтағы аналар мен балалар өлең шумақтарын оқыды, аналарымыз ән шырқады.

Шара соңында Наурыздың ұлттық тағамы  Наурыз көже тартылып, ауыл ақсақалы әрі ақын Сәуірхан Ахметов бата беріп, құран оқыды.

Барлық ата-аналар шараны ұйымдастырған  оқытушы  Махаббат Жарылқаповаға алғыс айтты.

Мектептің  оқу істері бойынша директор орынбасары Игілік  Абдиказиев қатынасып үлес қосқан аналарға алғыс хат, оқушыларға мақтау қағаздарын мектеп әкімшілігі атынан тапсырды.

Калипа БАЗАРОВА, 2-мектеп оқытушысы.

 

Add new comment