Тілі, діні, тарихы мен мәдениеті ортақ өзбек пен қазақ халықтарының достығы ежелден бастау алады. Өзара қарым-қатынас, әсіресе соңғы жылдары одан әрі нығайды. 2018 жылы Қазақстанда Өзбекстан жылын және 2019 жылы Өзбекстанда Қазақстан жылын атап өту - соның жарқын мысалы. 

photo_2020-12-17_17-51-30.jpg

Тағы бір маңызды оқиға - Өзбекстан Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы Мәңгілік достық туралы келісім шартқа қол қойылғанына 20 жыл толды. Сонымен қатар және бір маңызды оқиға - Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтің «Қазақтың ұлы ақыны және ойшылы Абай Кұнанбаевтың шығармашылық мұрасын кеңінен зерттеу және насихаттау туралы» қаулысы қабылданды. Бұл шешім өзбек халқының бауырлас Қазақстан халқына, оның ерекше әдебиеті мен мәдениетіне және оның жарқын болашағына деген құрметі мен сенімінің жарқын көрінісі ретінде қабылданды.

photo_2020-12-17_17-51-49.jpg

Бір өзеннен су ішетін өзбек пен қазақ халықтары арасындағы достық пен бауырластықты одан әрі дамытуға бағытталған мұндай игі істерді ұзақ жалғастыру мүмкін. Бүгін Үшқұдық жастары үшін және бір қайырымды іс жүзеге асырылды. Республикалық қазақ ұлттық-мәдени орталығы тарапынан білім қазақ тілінде алып барылып жатқан мектептер үшін электронды әдеби кітаптар сыйға тартылды. 11 жиынтықтан тұратын 13 дана кітап топтамасы «Даналық әліппесі» деп аталатын әдеби кітаптардан жинақталған. Сонымен бірге, А.Навоий, Э.Вохидов, А.Орипов, У.Рахмат секілді өзбек әдебиетшілерінің шығармалары қазақ тіліне аударылған және де қазақ халық мақалдарының өзбек тіліне аударылған кітаптары да мектептің кітапханасына сыйға тартылды. Кітаптарды аудан әкімі С.Хамроев мектеп кітапханасына тапсыру барысында, кітаптың адам өмірінде алатын орны, екі бауырлас халықтың ортасындағы мәңгілік достық байланыстың одан әрі нығайып бара жатқанын сөз етті. 1-мектептің директор орынбасары Ақыл Омаров пен 2–мектеп директоры Мерген Турешовтер Республикалық қазақ ұлттық-мәдени орталығына өз ризашылықтарын білдірді. Сондай-ақ жақында өткізілген Үшқұдық ауданынан 9 оқушы Қазақстанда өткізілген Халықаралық олимпиададан жүлделі орындарды иелеп, ұйымдастырушылардың кымбат бағалы смартфон, ақылды қол сағаттары мен марапатталғаны туралы хабар берген едік.

Үшқұдық ауданы әкімдігі баспасөз қызметі.

Add new comment