Дастархан басындағы-тәрбие.

Бала тәрбиесі туралы айтылып,көріп жатқанда әкем еске түседі.Бізге әкеміз ұрып, ұрысып,айқайлап сөйлегенін естімеппіз.Не айтсада дастархан басында  әңгімесін айтып отыратын.Сол кезде біз түсінбей осы әңгімелер не керек деп ойлайтынбыз.Үлкейгесін біліп жатырмыз.Бәрі тәрбиелі сөздер екен.Біздер кішкентаймыз төрт-бесінші сыныпта шығармыз,кішкене үй тіршілігін істесек мақтап,мадақтап отыратын.Соған мақтау есіту үшін-ақ  "папамнан дәріптелген сөздерді"есту үшін үйді тап-таза сыпырып,кірлерді жуып,үтіктеп,тамақтарды тәтті қып істеуге тырысатын едік тұрмыс құрып кеткенше.Мектептен қайтқанда " қара қыз сумканы көтере алмай келе жатырау " деген марапат сөзді есту үшін сабақты жақсы оқыйтын шығармын деп ойлаймын осы қазір.Дастархан тола тұрғанды,әрі таза,әрі ықшам столда жасағанды жақсы көретін.Дастархан толтыру үшін қолдан" булочка,печенье,вареньнлер" істейтінбіз,ерінбей Костюм шалбар,кителде жүреді әрдайым,әкемнің киімін жуып үтіктеп қоятынбыз таласып.Ұрыспайтын үй болмайды ғо.Сонда шешеміз шығып кеткен бойынша,осы шешелеріңнің арқасы осындай отырғанымыз "береке" шешелеріңде деп отыратын.(Анамызда әкеміз туралы осылай айтатын,осы әкелеріңнің арқасы ,өзі істемейді үйде,аурушаңдау болды ).Баламыз  түсінбейміз,әкем біреудің қызы қайтып кепті деп күйініп айтып отыратын не керегі бар екен ата-ана балаға өмірлік емес қой,бәрібір тұрмыс құру керек.Ал бір қыздарды,балдарды мақтап отыратын әне пәленкестің қызы қандай тәрбиелі күйеу баламен әдемі болып келіп ,қайтып жатыр деп.Өте қонақжай еді,аудан орталығында үйіміз (жаңа қала,микрорайон дейтін)Үшқұдық ауданы жоқ,барлық савхоздан ауданға барады(әкімшілік,аурухана,әскери бөлім және т.б), бәрі үйге кеп тіршіліктерін бітіріп кететін.Түскі асты өзіміз ішпейтін едік-ау.Екі сөзінің бірінде "пейіліңе "береді деп отыратын.Үлкейдік тұрмыс құрып кеттік,содан үйге қыдырып барсаң сенің қайынжұртыңды мақтап отыратын,сосын сен қайдан қайын жұрт туралы жаман сөз айтасың(боладығо келіспеушілік) үндемей қайтасың....Соның бәрі тәрбие екен,өзім соның бәрін қайталадым.Семьяның бұзылуы" ата-анадан" деп отыратын.Шыныменде қазір ойлап отырсам,әкем дүрыс айтқан екен ғо,бала кезден миыңа құйыла берсе,соған қарап намыстанып тіршілік етіп,алда болмасаңда,арттада қалмай қатардағы қарапайым ұйыған жанұя болып қалыптасады екен.Баймын депте,жоқпын депте айтпай ,барына береке берсін деп отыруды үйреткен екен ғо.Аллаға шүкір қазір бәрі жақсы,біздер үлкейіп жанұя боп кеттік.Әкемнің тәрбиесін өз балаларыма беріп жатырмын ,ұрысып я ұрып көрмеппін балаларымды.Жаман емес,әкемнің маған берген тәрбиесінің нәтижесі болар.

Жаманғараева Шара Советқызы.Зейнеткер

Add new comment