Жуырда ауданымыздағы 9-санды мектепте 1-сыныптардың «Қош бол сүйікті, әліппем» - атты шарасы болып өтті. Алты ай алдын мектеп табалдырығын жүрексіне аттап, кіп-кішкентай жүректері бұлқына соққан балғын бүлдіршіндер еді. Қолдарына алған тұңғыш оқулықтары әліппеге тамсана қарап, оның әр бетін қызыға парақтаған болатын. Ал қазір ше бойлары да, ойлары да толысқан, әр бетін тамсана тамашалаған әліппе оқулығындағы 42-әріпті жатқа білген кез келген әңгіме, ертегіні өзі оқи алатын дәрежеге жеткен оқушылар. Ұрпақ тәрбиесі секілді ұлы міндет жүктелген мектептегі мерейлі істердің барлығы ұстаздардың еңбегі.
42 әріпті толық меңгеріп ана тілге жол аларда сападай сай оқушылар білімі мен қоса өнерге де кенде емес екендерін би билеп, ән айтып, сахналық қойылым да жасады. Көңілді өткен әліппе кешіне келген қонақтар бүлдіршіндерге өз тілектерін айтып кешке қатысқандарына дән риза болды.
Рахима Исмайлова,
9-санды мектеп оқытушысы.
Add new comment