Президентіміз Шавкат Мирзиёевтің 2019 жылдың 19 наурыздағы өткен бейнеконференция мәжілісінде мәдениет, өнер, спорт, ақпараттық технологиялар мен кітап оқуға деген қызығушылықты арттыруға бағытталған бес маңызды бастаманы іске асыру туралы берілген тапсырмаларды орындау мақсатында, жақында ауданымыздың шалғай ауылдарының бірі Көнтай ауылындағы 8-мектепте «Кітап сарқылмас қазына» атты шара болып өтті.
Шараға бүкіл мектеп оқушылары белсенді қатынасып, тақырыпқа байланысты қойылымдар қойды. Шараны руханият және ағарту істері бойынша директор орынбасары ашып беріп, 5 маңызды бастама туралы толық мәліметтер беріп өтті.
Сонымен қоса 1-сынып оқушыларына кітаптар сыйлыққа берілді.
Шара соңында белсенді қатынасқан оқушыларға мектеп ұжымы атынан мақтау қағазы мен сыйлықтар табысталды.
Айжан ПЕРДИБАЕВА,
8-мектеп кітапханашысы.
Add new comment