Ұстаз ізденгіш болуы,ойлай білуі,қандай істі болсын,бар ынтасымен атқара білуі керек, - деп Владимир Маяковскийің теңеуі 8-санды мектеп оқытушысы Жами Құрақбаев ағайға айтылғандай.

Адам баласының жүрегінде қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, соның бірі - Ұстаз. «Ұстаз» деген қазақ баласы үшін қашанда қасиетті, қадірлі болған. «Ұстаздан тәрбие алған» немесе «ұстаз алдын көрген» деген сөздер құлаққа «ана тәрбиесін алған» деген сөздермен ұштасып жатады.

так_0.jpg

Дәлірек айтсақ, адамды өмір сүре білуге тәрбиелейді. Сол үшін бойындағы асыл қасиеттерін шәкірттеріне сіңіріп, тер төгеді. Кез келген мұғалім ұстаз бола алмайды.

Себебі, ұстаздық өнер – тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез келген адамға қона бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын, ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт.

Қиындығымен қызығы бірге жүретін осынау мамандықтың шынайы иесі болу үшін көп қиындықтардан өтеді. Сондай тұлғаның бірі Жами Құрақбаев.

Жақында аудандық шақыруға дейінгі бастауыш дайындық пәнінен мектеп аралық жарыста жүлделі  «Ең тәжірибелі» номинациясымен 1-орынды иелеп  Науайы уәлаятына жолдама алып, «Отанымыздың өркендеуіне қосқан үлесі және әлеуметтік саяси өміріне белсенді қатынасқаны үшін» номинациясын алып, 3-орынмен ауылға оралды.

Бүкіл мектеп қана емес аудандық халыққа білім беру бөлімі де шексіз қуануда.

Осынау құрметке білім саласында кемінде 20 жыл жұмыс өтілі бар, өзін жан-жақты көрсеткен әрі өз саласының нағыз майталмандары ғана бөленеді. Осы сәтті пайдала отырып 8-санды мектеп ұжымы атынан Жами Құрақбаевқа алдағы уақытта мықты денсаулық, қызметінде жоғары табыстарға жетуіне тілектеспіз.

Г.Амангараева,

8-санды мектеп оқытушысы.

Add new comment