Көктем кезі еді. Үшқұдықтан үш бөпемді алып ,таңертең 5-тегі автобуспен шыққаннан әрең дегенде қас қарайғанда «Төреқұл»құдығына жетіп келдік.Бұл атар Кенимех ауданы Үштөбе ауылына қарасты жер.«Қазақтың малы –ырысы бағы»демекші мал бағу,оны баптау қиын іс.Жасы 63 пайғамбар жасынан асса да, әке кәсібін қояр емес.«Шаруаның бір пірі-шопан ата»дегендей,атам –шопан.Атам мен енем осы атарда жасайды.Атарда ел жоқ демесең,барлық жағдай жаратылған.Свет ,газ,айналасы сексеуілге бітіп қалған.Таза ауада күрте тауықтар шөже ашып, үндіктер тіпті ұшатындай қанатын жазып, бір үйір жылқы құдықтан су ішіп,түйе ботасын ертіп,қозы анасын іздеп жүргенін көріп көңілің жайрайды.Немерелерін көріп,атам мен енемнің шаруадағы шаршауы шыққандай балаша мәз.Қаhарлы қыстан малын аман сақтап,көктем келіп, қой қоздап,түйе боздап,қорада шу...болатын сәт.Күйбеңдеп таң сәріден малға кеткеннен қазір келгендей беті әжім-әжім кәрілік жеңіп,алма бетін су алғандай шекесі шып-шып терлеп,төрде енем қайнатқан шайды ішіп атам отыр.«Баланы –жастан » демекші перзенттерін еңбекке баулыды ,білмегенін үйретті,жалқаулық жат қасиет екенін ,бойына сіңдірді.Жаздың шыжыған күнінде де көлеңке іздеп жату дегенді көрмеді.Перзенттерін дүниеге келтіріп, тынымсыз еңбек осы малдың арқасында арман мақсатына жеткеніне олардың қуанышы шексіз еді. Атамның бала кездегі арманы-жоғары оқу орнында оқу еді. Перзенттерін аялап,өзі тоқ жүрмесе де балдарынан ештеңесін аямай ,бар тапқанын үстіне ілетін.Сөйтіп төрт перзентін Ташкент,Қарақалпақстандағы маңдай алды университет,институтта балаларын оқытты. Ұлын –ұяға,қызын-қияға қондырды.Атам балаларын« мен көрген қиыншылықты көрмесін» деп кенже ұлында қолда ұстамай,қалаға жұмысқа жайғастырды.Дегенмен қала бізді маңдайдан сүйіп,қарсы алған жоқ.Ақша деген жеткізбей,пәтер жалдап осында тұрдық.Ата-енеммен бір ұялы телефонда сөйлескенде «балам істе,бөпелеріңе киім алып бере бермей,бірінің киімін- біріне кидір,әле кішкентай ғой ,ақшаны тежеп істетіп, жинаңдар, үй алудың әрекетін қылыңдар,жетпеген жеріне көмектесеміз»деп сөзін тәмамдап, « жиған дүниені сендерге бермегенде кімге береміз» деп сөз арасында айтып та қояды.Әке тәрбиесін алған күйеуім әке тапқан мал-.мүлкке сүйенбей өзі адал еңбегімен еңбек етіп алты жыл дегенде үйлі-жайлы болдық.Не әперем десе де құрбысы жететін, атам мен енемнің өздері ақша тауып көрсін дегендей, үй апермей еңбекке баулығаны шығар.

Кешқұрын дастархан басына жиналамыз.Қайнатам қарапайым, өте сұсты кісі болғандықтан бір көңілі келсе ашылып , бұрынғы өткен әңгімелерден айтып көңілді отыратыны бар.Бірде әңгіменің басын былай бастады.Әкем-шопан калхоздың малын бағатын еді ,көбіне қолқанат боп өзім көмектесемін.Мектепке бір барып-бармай сауатымды аштым.Көп өтпей Украйнаның Никалайский жерінде, Белларуссияда әскери қызметте болдым.Әскери қызметті өтеп, келген соң не де болса жоғары оқу орнында оқуды көкейіме түйдім. Үйге келсем әкемнің жағдайын көріп өңім қашты. «Өмірдің ауыр балғалары кеп соққанда болат болсаң,ширап беки түсесің,Бор болсаң-жүнжіп жоқ боп кетесің»деген құнды сөз бекерге айтылмаған сияқты.Сол жылы қыс қатты келіп, жерде құрғақшылық болып малы кеміп,уайым-қайғыдан әкемнің денсаулығы нашарлап,төсек тартып жатып қалған екен.Болған жағдайдан кейін Калхоз раиси А.Назаров мені алдына шақырып,«(Бұрынғы Тамды әкімі болған) 15 жасымнан шопан таяғын ұстатты.Енді оқу мен үшін арманға айналған еді.. Әкемнің үміт күткен перзенті мен болғандықтан, үйдегі ауыртпалықтың бәрі мойныма ілінгендей.Мал бағу –қиын іс.Жерде шөп болмай малға жайлы жер іздеп Қазақстан шекарасына таяу жайлауларда киіз үй тігіп жаз айын сонда өткізетінбіз.Жерде шөп болмаса ,мал тұрмайды, түнімен түнетемін.Бір күні малды түнетіп әрең шаршап ой үстіне демалуға отырғанда, кенеттен бір қара құрт қарнымнан шағып алды.Сыздатып ауыртып жанымды жегідей жеп жүрегімді қысты.Зорға киімдерімді жыртып шешіп, естен тани кетіппін.Таң ата есімді жиып қарасам асыраған жетім қара қозы «күйіс» қайтарып жанымда жатыр екен. Қазақта небір ырым-тыйымдар бар емес пе?«Мысық адам ауырған жерін біледі де жатады, ауруды алады » деуші еді. Дәл сол сияқты қара құрттың уын қара малдың күйісі алады екен.Атам осылай бір өлімнен қалған екен.Басынан кешкен небір қиыншылықтарды айтып уакыттың кеш болып кеткенінде байқамай қаламыз.Қазақтың бас ақыны Абай айтпақшы«Жылы менен суықтың бәрін көріп ,қайран көңіл қайыспай қайрат еттім »дегені осы шығар...Арадан 2-3жыл өткеннен кейін Назаров малымды санап,көбейгенін көріп,арқамды қақты.

Қазақта айтады ғой:«Бас екеу болмай, мал екеу болмайды»деген мақалы тауып айтылғандай.Енем жетім қозыларға сиыр сүтін беріп асырап, үлкейгеннен кейін қойға қосып көбейтіпті.Оны«васка-васка»деп еркелетіп шақырады екен.Енем ата-енесі қайны-қайнысіңлі бауырларына жайлы шыққан.Кешегі күнге дейін көзі көрмей аяқ жүруінен қалған сексеннен асқан енесінің жайын баптап отыратынын көзім көрді.Ертең бізде «қартаямыз» деп кояды.Тамақ ең алғаш сол кісіге сүзіледі. Атам жар таңдауда адаспаған көрінеді. Қайындарын үйлентіріп қазіргі күнге дейін бауырмалдық танытып отырады.Бауырларының балдары атарға қыдырып барса біріне сиыр атап,біріне тай мінгізіп ,қозы қудырып ұстатып, бәрагөшін беріп , күбі майын жедіріп,шұбат,cүзбе, ірімшік,сүтін құйып дән риза қылып қайтарады.

Дүниеде бір жақсы адам болса , ол да болса-менің атам деп мақтан тұтқым келеді.Құрметті оқырман қауым! Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтар болсам, еңбексүйгіш ,жоққа да барға да қанағат ететін ,бауырларына бауырмалдық танытатын, қиыншылыққа төтеп берген адам еш уақытта кем болмайды.Өмір, Алланың берген сыйы,қайтып жасау тек қана өзіңе байланысты.Сондай екен не де болса , неберелеріңіз өздеріңізге ұқсаған еңбексүйгіш болса екен деп тіледім.Атардан қайтады екенбіз қимастық сезімі оянып көзімнен жас«мөлт»етіп шығып тоқтар емес, іштей ата-енемді қимай қош айтысып қой туымды, қырқымды аяқтап елге қайттық.

12-мектеп ОІБДО: Ж.Рысбекова

                                            

Add new comment